Басқару серверінің функционалдық ақауы оқиғалары

Төмендегі кестеде Функционалдық ақау маңыздылық деңгейі бар Kaspersky Security Center Басқару сервері оқиғаларының түрлері келтірілген.

Бағдарлама жасай алатын әрбір оқиға үшін, бағдарлама саясаты сипаттарындағы Оқиғаны конфигурациялау қойындысында хабарландыру параметрлерін және сақтау параметрлерін көрсетуге болады. Басқару сервері үшін, Басқару серверінің сипаттарындағы оқиғалар тізімін қосымша түрде қарап шығуға және конфигурациялауға болады. Барлық оқиғалар үшін хабарландыру параметрлерін бірден конфигурациялау қажет болса, Басқару сервері сипаттарында жалпы хабарландыру параметрлерін конфигурациялаңыз.

Басқару серверінің функционалдық ақауы оқиғалары

Оқиға түрінің көрсетілетін атауы

Оқиға түрі идентификаторы

Оқиға түрі

Сипаттамасы

Әдепкі бойынша сақтау мерзімі

Орындау уақытының қатесі

4125

KLSRV_RUNTIME_ERROR

Осы түрдегі оқиғалар белгісіз мәселелерден туындайды.

Көбінесе бұл ДҚБЖ мәселелері, желімен байланысты мәселелер, сондай-ақ бағдарламалық және аппараттық жасақтамамен байланысты басқа да мәселелер.

Оқиға туралы толық ақпаратты оның сипаттамасынан табуға болады.

180 күн

Лицензиялы бағдарламалар топтарының біреуі үшін орнатулар санының шектеуі асырылды

4126

KLSRV_INVLICPROD_EXCEDED

Басқару сервері осындай түрдегі оқиғаларды мерзімді түрде (сағат сайын) жасайды. Kaspersky Security Center бағдарламасында үшінші тарап бағдарламаларының лицензиялық кілттерін басқарсаңыз және орнату саны үшінші тарап бағдарламасының лицензиялық кілтінде белгіленген шектен асып кетсе, осы түрдегі оқиғалар туындайды.

Сіз оқиғаға келесі тәсілдермен жауап бере аласыз:

  • Басқарылатын құрылғылардың тізімін қарап шығыңыз. Үшінші тарап бағдарламасын, ол қолданылмайтын құрылғылардан жойыңыз.
  • Үшінші тарап лицензиясын көптеген құрылғыларға қолданыңыз.

Лицензиялы бағдарламалар тобының функционалдылығын қолдана отырып, лицензиялы бағдарламалардың лицензиялық кілттерін басқара аласыз. Лицензиялы бағдарламалар тобына, сіз белгілеген өлшемшарттарға сай келетін үшінші тарап бағдарламалары кіреді.

180 күн

Бұлттық сегментте сауалнаманы орындау мүмкін болмады

4143

KLSRV_KLCLOUD_SCAN_ERROR

Осы түрдегі оқиғалар, Басқару сервері бұлтты ортадағы желі сегментінде сауалнама өткізе алмаған жағдайда туындайды. Оқиғаның сипаттамасындағы ақпаратты оқып, оларға тиісінше ден қойыңыз.

Сақталмайды

Белгіленген қалтаға жаңартуларды көшіру мүмкін болмады

4123

KLSRV_UPD_REPL_FAIL

Бағдарламалық жасақтама жаңартулары ортақ қатынасы бар қалтаға (немесе қалталарға) көшірілсе, осы түрдегі оқиғалар туындайды.

Сіз оқиғаға келесі тәсілдермен жауап бере аласыз:

  • Қалтаға (немесе қалталарға) қатынасу үшін пайдаланылатын пайдаланушы есептік жазбасының жазу құқығы бар-жоғын тексеріңіз.
  • Қалтаға (қалталарға) арналған пайдаланушы аты және/немесе құпиясөз өзгертілгенін тексеріңіз.
  • Интернет қосылымын тексеріңіз, себебі бұл оқиғаның себебі болуы мүмкін. Дерекқорлар мен бағдарламалық модульдерді жаңарту жөніндегі нұсқауларды орындаңыз.

180 күн

Дискіде бос орын жоқ

4107

KLSRV_DISK_FULL

Бұл түрдегі оқиғалар, Басқару сервері орнатылған құрылғының қатты дискісінде диск кеңістігі таусылып бара жатқан жағдайда туындайды.

Құрылғыдағы диск кеңістігін босатыңыз.

180 күн

Ортақ қалта қолжетімсіз

4108

KLSRV_SHARED_FOLDER_UNAVAILABLE

Осы түрдегі оқиғалар, Басқару серверінің ортақ қатынасы бар қалтасы қолжетімді болмағанда туындайды.

Сіз оқиғаға келесі тәсілдермен жауап бере аласыз:

  • Басқару серверінің (ортақ қатынасы бар қалта орналасқан) қосулы және қолжетімді екеніне көз жеткізіңіз.
  • Қалтаға арналған пайдаланушы аты және/немесе құпиясөз өзгертілгенін тексеріңіз.
  • Желі қосылымын тексеріңіз.

180 күн

Басқару серверінің дерекқоры қолжетімсіз

4109

KLSRV_DATABASE_UNAVAILABLE

Осы түрдегі оқиғалар Басқару сервері дерекқоры қолжетімсіз болған жағдайда пайда болады.

Сіз оқиғаға келесі тәсілдермен жауап бере аласыз:

  • SQL сервері орнатылған қашықтағы сервердің қолжетімді ме екенін тексеріңіз.
  • ДҚБЖ оқиғалар журналдарын қарап шығыңыз және Басқару сервері дерекқорының қолжетімсіздігінің себебін табыңыз. Мысалы, алдын алу жұмыстарына байланысты, SQL Server сервері орнатылған қашықтағы сервер қолжетімді болмауы мүмкін.

180 күн

Басқару серверінің дерекқорында бос орын жоқ

4110

KLSRV_DATABASE_FULL

Бұл түрдегі оқиғалар Басқару сервері дерекқорында бос орын болмаса пайда болады.

Басқару серверінің дерекқоры толып кетсе және дерекқорға одан әрі жазу мүмкін болмаса, Басқару сервері жұмыс істемейді.

Төменде, қолданылатын ДҚБЖ жүйесіне тәуелді оқиғаның туындау себептері және оқиғаға ден қоюдың тиісті тәсілдері келтірілген:

180 күн

Сондай-ақ, қараңыз:

Басқару серверінің критикалық оқиғалары

Басқару серверінің ақпараттық оқиғалары

Басқару серверінің ескерту оқиғалары

Kaspersky Security Center-дегі оқиғалар туралы

Басына оралу